Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК филиалдары заңгерлері үшін семинар

2014-04-28
2014 жылдың 24-25 сәуірінде «Мемсараптама» РМК-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының әкімшілік-басқару қызметінің (заңгер) жетекші маманы О.Н. Дасько «Шарттық құқық, кәсіпорында шарттық жұмысты басқару. Шағымдық-талаптық жұмыс, сот тәжірибесінің өзекті мәселелері. Дебиторлық қарызды басқару» тақырыбындағы семинарға қатысты. Аталған семинарға «Мемсараптама» РМК филиалдарының заңгерлері қатысты. Семинарды жүргізу үшін қазақ гуманитарлы заң университетінің мемлекет және құқық ҒЗИ директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Идрышева С.К. және қаржы кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент – Омашева А.Б. шақырылды. Семинар аяқталысымен барлық қатысушыларға тиісті үлгідегі сертификаттар тапсырылды.