Осы жылдың 23-30 қыркүйегі аралығында «KPJV Limited» компаниясының шақыруымен «Мемсараптама» РМК мамандары Фарнборо қаласында (Ұлыбританияның Біріккен Королдігі) орналасқан «KPJV Limited» компаниясының кеңсесіне жұмыс сапарымен болып қайтты.
Сапардың басты мақсаты «Теңіз кен орнын келешекте дамыту жобасын» жобалау және сараптау мәселелері бойынша жиналысқа қатысу.
«ТШО» ЖШС мен «KPJV Limited» компаниясының кеңселерінде болу барысында Теңіз кен орнын дамыту жобасының, онда технологиялық және қосалқы объектілерді, сондай-ақ 3D моделіндегі жобаны модульдік жобалаудың таныстырылымы өтті.
Қазақстандық қамту мәселелері және өңірлер мен жалпы Қазақстан Республикасының экономикасы үшін жобаның жалпы аспектілері талқыланды.