Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жауапты хатшысы А.К. Кабикеновтың қатысуымен өткен жұмыс кеңесі

2014-07-13
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жауапты хатшысы А.К. Кабикеновтың  қатысуымен өткен жұмыс кеңесі
2014 жылғы 10 шілдеде «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалында Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жауапты хатшысы Кабикенов А.К. қатысуымен «Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің аумақтық органдары мен ведомствоға бағынышты ұйымдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттері, Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы шеңберіндегі қызметтері» тақырыбына жұмыс кеңесі өтті. Кеңес барысында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сәулеттік-құрылыс бақылау және лицензиялау Департаментінің, «ҚазСҒЗЖИ» АҚ, Жер ресурстары және жерге орналастыру Ғылыми-өндірістік орталығы» РМК, Алматы қаласы бойынша аумақтық жер инспекциясы мен «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының 2014 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған атқарылған жұмыстар туралы баяндамалары тыңдалды.