Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2014 жылға арналған қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату Жоспарына сәйкес, «Мемсараптама» РМК Семей қаласындағы филиалының өндірістік бөлім бастығы Көбеева Гүлмира Ғазизқызы 2014 ж. 19-20 мамыр аралығында «KAZGOR» ЖА ұйымдастырған «Жаңа жағдайда жобалау-құрылыс қызметін нормативтік реттеу туралы» тақырыбында өткен семинарға қатысты. Семинар барысында құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесін дамыту, қолданыстағы НТҚ мемлекеттік жүйесінің ерекшеліктері, Қазақстанның халықаралық және аймақтың стандарттарға қатысу тәжірибесі, жобалау-құрылыс кешені қатысушылары арасындағы қарым-қатынасты реттеу мәселелері қаралды.
2014 ж. 24-25 сәуір күндері бас маман-заңгер Байгонусова Қ.Т. Астана қаласындағы ҚазГЗУ ұйымдастырған «Шарттық құқық, мекемеде шарттық жұмысты басқару. Талап-арыз жұмысы, сот тәжірибесінің маңызды мәселелері. Дебиторлық қарызды басқару» тақырыбына өткен семинарға қатысты.
Семинар соңында қатысушыларға сертификат берілді.