Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ЖСҚ электронды қабылдау және ҚАЭБЖ бойынша оқу-семинары

2014-03-06
ЖСҚ электронды қабылдау және ҚАЭБЖ бойынша оқу-семинары
ЖСҚ электронды қабылдау және ҚАЭБЖ бойынша оқу-семинары
ЖСҚ электронды қабылдау және ҚАЭБЖ бойынша оқу-семинары
ЖСҚ электронды қабылдау және ҚАЭБЖ бойынша оқу-семинары
«Мемсараптама» РМК бас директоры Сманкулов А.С. тапсырмасына және бекітілген бағдарламаға сәйкес, сараптау қызметін реформалау жырағында, сонымен қатар ашықтық және айқындық қағидаттары мақсатында, 2014 жылдың 3-4 наурызында Өскемен қаласында, нысандар және кешендер құрылысына жобалау алдында және жобалау-сметалық құжаттамаларын электрондық қабылдау жүйесін www.epsd.kz портал жолымен таныстыру бойынша, жобалау ұйымдарының өкілдерінің, Шығыс-Қазақстан және Павлодар облыстарының бағдарлама әкімшілерінің, Өскемен, Семей, Павлодар қалаларының сарапшыларының және құжаттарды электронды форматта қабылдауды әзірлеуші «НАТ Казахстан» АҚ өкілдерінің қатысуымен аймақтық семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңеске сондай-ақ ШҚО әкімінің орынбасары - Текешов Е.Х., ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің жетекшісі-Отарбаев М.Ж., «Мемсараптама» РМК апараты жетекшісінің орынбасары Тайсаринов Д.А. қатысты. Кеңес өту барысын бұқаралық ақпарат құралдары (Қазақстан Өскемен, КТВ теледидарлары, Рудный Алтай газеті ) айқындады. Семинар жүргізу барысында, әзірлеуші «НАТ Казахстан» АҚ өкілдерімен бағдарламаны енгізу таныстырылды, тесттік тәртіпте практикалық жұмыстары жүргізілді. Семинарға қатысушыларға мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш жіберуді және мемлекеттік міндеттерді орындауды «жеке кабинет» порталы арқылы электронды түрде жүзеге асыру ұсынысы түсіндірілді. Интернет порталымен жұмыс жасау үшін тіркелуден өтіп және электронды түрде тапсырылатын құжаттама талаптарымен танысу қажет. Аталған талаптар интернет порталының бас бетінде ораналасқан. Пікір алмасу жүзеге асырылды. Сұрақтарды талқылау барысында, «Мемсараптама» РМК апараты жетекшісінің орынбасары Тайсаринов Д.А., «Мемсараптама» РМК ШҚО бойынша филиал директоры Тикибаев Е.А., 2014 жылдың 01 сәуірінен бастап барлық мемлекеттік сараптама жүйесі аталған ЖСҚ қабылдау форматына өтетініне ерекше мән беру керктігін, семинар қатысушыларының назарына салды. Семинар қатысушыларына, жоғарыда аталған электрондық қызметті жүзеге асыру «Мемсараптама» РМК жобалау-сметалық құжаттамалар қарастыруға тапсыру мерзімінің маңызды қысқартылуына, сонымен қатар өтініш берушіге мемлекеттік сараптама өту жолын өздігімен, қашықтықта бақылауына мүмкіндік туатыны байқалды. Электронды форматта құжат тапсыру талаптарын, сонымен қатар қажетті бастама-рұқсат құжаттар тізімін, порталмен жұмыс жасау нұсқамасын және басқада ақпараттарды (www.gosexpertiza.kz) «Мемсараптама» РМК ресми сайтынан табуға болады.