Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
Мемлекеттік сараптама жүйесінің құрылуының 25 жылдығын атап өту мақсатында «Мемсараптама» РМК «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 2013 жылғы шілденің 18-21 аралығында спартакиада өткізді.
Спорт шаралары спорттың 5 түрінен жүргізілді: шағын футбол, волейбол, шахат, үстел теннисі және арқан тарту.
«Мемсараптама» РМК және оның аумақтық бөлімшелерінің 140-қа жуық қызметкерлері спартакиада ойындарына ат салысты.
Жарыс нәтижесі келесідей болды:
1 орын – Алматы облысы бойынша филиалының командасы;
2 орын – Астана қаласы бас кәсіпорынның командасы;
3 орынды екі команда бөліп алды: Алматы қаласы бойынша филиалының командасы және Ақмола облысы бойынша филиалының командасы.
Спартакиаданың салтанатты жабылуында жарыстың әр түрінен жеңіске жеткен әр жеңімпазға кубоктар, ескерткіш медальдар, ақшалай сертификаттар, сондай-ақ аса көзге түскен спортсмендерге бірнеше номинациялар бойынша бағалы сыйлықтар берілді.