Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ЭнМЖ бойынша семинарға қатысу

2013-09-16
ЭнМЖ бойынша семинарға қатысу
ЭнМЖ бойынша семинарға қатысу
ЭнМЖ бойынша семинарға қатысу
«Мемсараптама» РМК-нің 12.07.2013 жылғы №103 бұйрығымен бекітілген, қалыптасқан БМЖ-мен біріктіру, енгізу, әзірлеу жөніндегі және МS ISО 5001: 2011 сәйкес энергетикалық менеджмент жүйесінің сертификатын дайындау жұмыстарының жоспарына сәйкес, 2013 жылдың қыркүйектің 9-11 аралығында және 11-13 аралығында бас мекемеде, «Энергетикалық менеджмент жүйесі. Қолдану жөніндегі талаптар мен басшылық» тақырыбында «Мемсараптама» РМК мен оның филиалдарының БМЖ жөніндегі басшылық өкілдерінің және «МS ISО 5001: 2011 сәйкес, Энергетикалық менеджмент жүйесінің ішкі аудиторларын даярлау» тақырыбында «Мемсараптама» РМК мен оның филиалдарының БМЖ бойынша жауапты қызметкерлерінің қатысуымен оқыту-семинары өткізілді. Аталған оқыту-семинарына «Мемсараптама» РМК ШҚО бойынша филиалынан өндірістік бөлімінің бастығы, БМЖ жөніндегі басшылық өкілі – Мосиенко Т.Г., БМЖ бойынша жауапты қызметкері- Сейсенбаева А.М. қатысты. Оқу соңында семинар қатысушыларына расталған сертификаттар берілді.