Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
Қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасы аясында «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының өндірістік бөлімнің құрылымдық секторының жетекші маманы «ПРОГРЕСС» ҒТАО 2013 жылғы 2-6 шілде аралығында РФ, Санкт-Петербург қаласында «Негіздер мен іргетастар: жобалау, құрылысы, бақылау» тақырыбы бойынша ұйымдастырып өткізген семинарға қатысты.
Семинарда қарастырылған мәселелер:
1. Іргетастардың темірбетон конструкцияларын берік бақылау.
2. Негіздер мен іргетастарды жобалау кезіндегі инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық іздестірулер.
3. Қазандықтар мен жерасты құрылыстарын орналастыру әдістері.
4. Әртүрлі топырақтарда іргетастарды орналастырудың технологиялық аспектілері.
5. Инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және гэоэкологиялық мониторинг.
6. Құрылыс нысандарындағы бетонның беріктігін тексеру және бағалаудың жаңа ережелері.
Семинардың аталмыш тақырыптары бойынша Санкт-Петербург мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінің профессорлары және әр мекемелерден шақырылған жетекші мамандары сөз етті.
Семинар ұйымдастырушылары Меншиков сарайына саяхат ұйымдастырды. Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларына біліктілігін арттыру туралы куәлік берілді.