Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
Өзінің қызметінде «Көкшетаумемсараптама» ЕМК ҚР заңдары мен Конституциясын, ҚР Үкіметінің шешімдерін, құрылыс істері жөніндегі Комитеттің бұйрықтарын және қаулыларын, «Мемсараптама» РМК бұйрықтары мен өкімдерін басшылыққа алады.
«Көкшетаумемсараптама» ЕМК 2012 жылғы І жарты жылдық ішінде жалпы құны 37,346 млрд.теңгеге 227 жобалау-сметалық құжаттама зерттелді, соның 13 жобасында (мемлекеттік емес көздерден қаржыландырылған) сметалық құжаттама болған жоқ (тапсырысшылардың шешімі бойынша).
Зерттеу қорытындысы бойынша жалпы құны 35,239 млрд.теңге 226 бірлік жобалау-сметалық құжаттама бекітуге ұсынылды және 1 бірлік бекітуге ұсынылмады.
Құжаттаманың жалпы көлемін (227 бірлік) 89,9% мемлекеттік инвестиция және 10,1% мемлекеттік емес күрделі салымдар құрады.
Бекітуге ұсынылған құжаттама бойынша құрылыстың құны (ағымдағы бағалар деңгейінде) 3,493 млрд.теңгеге төмендеді. Ресурстар шығыны қысқартылды: металл жалдау 0,01436 мың тоннаға, цемент 0,00998 мың тоннаға, ағаш материалдары 0,00092 мың м³, еңбек шығыны - 97,93955 мың а/күнге.
Жобалау-сметалық құжаттаманы сараптау барысында сарапшылар конструкциялардың сенімділігін және объектінің жарылғыш өрт қауіпсіздігі мен жұмыс тұрақтылығын арттыратын шешімдер, жобалау-сметалық құжаттамасын құрастыруды ҚР қолданыстағы ережелеріне сәйкестендіруін қамтамасыз етуін ұсынды, нәтижесінде сметалық құны 1,419 млрд.теңгеге ұлғайды.
ЖСҚ-да қазақстандық мазмұнды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы №17-56/005-1689, 05-12 мәжілісінің Хаттамалық шешімнің 5 тармағын, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігінің тапсырмасын және қазақстандық мазмұнға қатысты «Мемсараптама» РМК Бас директорының 2010 жылғы 11 ақпандағы 01-БЕ-04/0509 хатын орындау барысында «Көкшетаумемсараптама» ЕМК 2012 жылғы І жарты жылдықта қараған жобаларда негізінен қазақстандық өндірушілердің материалдары, жабдықтары мен бұйымдары қолданды. Отандық өнімдер болмаған жағдайда ғана шетелдік материалдар қолданылды.
2012 жылдың І жарты жылдығында «Көкшетаумемсараптама» ЕМК құны 100млн.теңгеден жоғары 56 жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтті, барлық жобалар мемлекеттік инвестициялар арқылы қаржыландырылған. Жалпы сметалық құны 33593,078 млн.теңгені құрайды, қазақстандық өнім өндірушілер ресурсының құны - 31516,612 млн.теңге, қазақстандық мазмұн үлесі - 93,8%.