Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2012 жылға арналған «Мемсараптама» РМК сарапшыларының біліктілігін көтерудің бекітілген бағдарламасына сәйкес инженерлік желілер мен құрылыстар секторының мамандары 2012 жылдың 11-15 маусымы аралығында «Прогресс» ақпараттық ғылыми-техникалық орталығы ұйымдастырған семинарға қатысты. Семинар тақырыбы «Қазандықтарды жобалау мен салу. Қазандықты эксплуатациялауға жіберу».
Семинарда келесідей тақырыптар қаралды:
- нормативтік-техникалық құжаттама мен оның талаптары; энергоаудат және жылумен қамту схемасын техника-экономикалық талдау;
- ТЭН-і әзірлеу кезіндегі экономика мен экономикалық аспектілер;
- қазандықты эксплуатацияға жіберу;
- қазандықтың жылу схемасын талдау, жабдықтар мен арматураларды таңдау аспектілері. Жобалау құжаттамасының көлемі мен құрамы. Энергия тиімділігі мен энергияны үнемдеу;
- қазандық салу; режимдік-баптау жұмыстары; іске-қосу-баптау жұмыстары; ІБЖ-ның нәтижелері бойынша техникалық есеп беруді кешенді сынау және әзірлеу.
Семинар барысында «Мемсараптама» РМК-ның мамандары гидравликалық ажыратқыш қондырғылары бар қазандықтың жылу схемаларымен, заманауи қазандық жабдықтары жөніндегі ақпаратпен, сондай-ақ энергия үнемдеу іс-шараларымен танысты.
Семинар соңында барлық қатысушыларға қысқамерзімді біліктілігін көтеру туралы мемлекеттік үлгідегі куәлік берілді.