Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы 18А шағынауданында 270 орындық балабақша салу жобасы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысына ие болды.
Жобаның тапсырыс берушісі – «Premier League» ЖШС, бас жобалаушы – «FormaLine Engineering Group» ЖШС.
Жобаға сәйкес балабақша 15 баладан тұратын 18 топқа, оның ішінде бөбекжай топтарына арналып жобаланған. Ғимаратта топқа арналған бөлмелер, жатын бөлмелері, асхана, медициналық блок, емшара кабинеті, физиотерапия кабинеттері, кір жуу орны, психолог пен логопед кабинеттері, сондай-ақ қосымша сабаққа арналған бөлмелер қарастырылған.
Балабақша аумағында тәрбиеленушілердің белсенді демалысын ұйымдастыру, серуендеу және дене бітімінің дамуына арналған спорт және ойын алаңдары жобаланған.
Жобаның іске асырылуы Ақтау қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдарда орын санын арттырып, балалардың мектепке дейінгі білім алуына қосымша мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ балалардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасайды.