Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қосшы қаласында 1500 орындық мектеп салу жобасы Мемсараптаманың оң қорытындысын алды

2026-11-19

Ақмола облысының Қосшы қаласында 1500 оқушыға арналған жалпы білім беретін мектеп салу жобасын мемлекеттік сараптама тарапынан мақұлданды.
Жобаның тапсырыс берушісі – «Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ.
Жоба аясында әртүрлі жас санатындағы оқушылардың демалыс уақытында қолайлы жағдай жасау көзделген. Атап айтқанда, кіші жастағы оқушыларға, бастауыш және орта буын сыныптарының оқушыларына арналған жеке алаңдар, сондай-ақ демалыс аймағы мен ойын алаңдары қарастырылған.
Оқушылардың дене шынықтырумен айналысуына және спорттық қабілеттерін дамытуына арналған инфрақұрылым да жобаланған. Оның құрамына футбол алаңы, баскетбол және волейбол алаңдары, жүгіру жолы, Workout жаттығу алаңы, кедергілер жолағы, алғашқы әскери дайындық алаңы, сондай-ақ ұзындыққа секіру және доп лақтыру алаңдары кіреді.
Сонымен қатар бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған арнайы алаң қарастырылған.
Жобаны жүзеге асыру Қосшы қаласының білім беру инфрақұрылымын кеңейтуге, оқушылардың сапалы білім алуына қолайлы әрі заманауи жағдай жасауға, сондай-ақ олардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін орта қалыптастыруға жол ашады.