Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2026 жылдың 10 айындағы «Мемсараптама» РМК қызметінің қорытындылары

2026-11-13
2026 жылдың 10 айындағы «Мемсараптама» РМК қызметінің қорытындылары

«Мемсараптама» РМК-да 2026 жылдың 10 айындағы жұмыс қорытындылары шығарылды.
Кешенді қала құрылысы сараптамасы шеңберінде әртүрлі деңгейдегі 118 қала құрылысы құжаттамасы қаралды.
8 қала құрылысы жобасы бойынша теріс қорытынды беріліп, 110 қала құрылысы жобасы бекітуге ұсынылды. Оның ішінде:
• өңірлік маңызы бар 2 қала құрылысы жобасы;
• елді мекендердің 78 бас жоспары;
• 38 егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бар.
Кешенді ведомстводан тыс сараптама шеңберінде құрылыстың мәлімделген жалпы сметалық (есептік) құны 21 930,1 млрд теңгені құрайтын 2 287 құжаттама қаралды.
Құрылыс жобаларының кешенді ведомстводан тыс сараптамасы бойынша 505 құжаттамаға теріс қорытынды берілді.
Құрылыстың жалпы сметалық (есептік) құны 19 148,4 млрд теңгені құрайтын 1 782 жобалау-сметалық құжаттама бекітуге ұсынылды.
Сараптама нәтижесінде құрылыстың сметалық (есептік) құны 2 799,7 млрд теңгеге төмендетілді. Оның ішінде мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша шығындар 1 070,6 млрд теңгеге қысқартылды.