Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК «Орталық Азия – Қытай» Екінші министрлік кездесуіне қатысты

2026-11-13

2026 жылғы 10–13 қараша аралығында Қырғыз Республикасы Бішкек қаласында құрылыс мәселелеріне арналған «Орталық Азия – Қытай» екінші министрлік кездесуі өтті.
Халықаралық іс-шараға Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен оған ведомстволық бағынысты ұйымдар, оның ішінде «Мемсараптама» РМК өкілдерінен құралған делегация қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар өңірлік ынтымақтастықты дамыту перспективасы, құрылыс саласын цифрландыру, құрылыс нормалары мен стандарттарын жетілдіру, қалаларды тұрақты дамыту, сондай-ақ құрылыс жобаларын сараптау мен құрылысты бақылау саласында заманауи тәжірибе алмасып, бірнеше мәселелерді талқылады.
Әсіресе құрылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қалалардың сейсмикалық төзімділігін арттыру, тұрғын үй сапасын жақсарту және заманауи цифрлық технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Мемсараптама» РМК-нің аталған халықаралық кездесуге қатысуы құрылыс жобаларын сараптау саласындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға, озық тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді.