Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
Ақтөбе облысы Қобда ауданының Әлия ауылында 120 орындық балабақша салу жобасы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды.
Жобаның тапсырыс берушісі – «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, ал бас жобалаушысы – «Гео-Проект Г.П.» ЖШС.
Жоба жоспарына сәйкес балабақшада алты түрлі жас ерекшелік тобына арналған орын қарастырылған. Атап айтқанда, 1–3 жас аралығындағы бөбектер тобы, 3–4 жастағы балаларға арналған кіші топ, 4–5 жастағы балаларға арналған ортаңғы топ, 5–6 жастағы балаларға арналған ересек топ және 6–7 жастағы балаларға арналған мектепалды даярлық тобы ұйымдастырылады.
Жобада балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, бүлдіршіндердің жан-жақты дамуына, тәрбие және білім беру үдерістерін тиімді ұйымдастыруға қажетті жағдайлар жасау көзделген.
Жобаны жүзеге асыру Қобда ауданындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының желісін кеңейту, бүлдіршіндер үшін қосымша орындар ашу және олардың тәрбиеленуі мен білім алуына әрі жан-жақты дамуына қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.