Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
«Мемсараптама» РМК қызметкерлері «PROJECT MANAGEMENT. BASIC COURSE. ANSI PMI PMBOK GUIDE, 2017/2021» бағдарламасы бойынша оқудан өтті. Сонымен қатар жобаларды басқару саласындағы халықаралық сертификаттауға дайындыққа бағытталған «IPMA PRE-CERTIFICATION TRAINING» тренингіне қатысты.
Оқу барысында қатысушылар жобаларды басқарудың заманауи халықаралық тәсілдері мен құралдарын, жобаларды жоспарлау, тәуекелдерді басқару және олардың іске асырылуын бақылау әдістерін меңгерді.
Оқу қорытындысы бойынша қызметкерлерге жобаларды басқару саласындағы халықаралық оқу бағдарламаларын аяқтағанын растайтын сертификаттар табысталды.