Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2026 жылғы 3 қарашада филиал қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған жалпы жиналыс өтті.
Іс-шараға ҚР ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаментінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының бастығы Р.Б. Аймұқанов қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыттары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері қарастырылды.
Жиналыс қорытындысы бойынша қызметкерлерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне жол бермеу қажеттігі ескертілді.