Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
Ұлытау облысы Жезқазған қаласындағы Алашахан даңғылы бойында, батыс тұрғын алабында 1000 оқушыға арналған жалпы білім беретін мектеп салу жобасы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды.
Жобаның тапсырыс берушісі – «Ұлытау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ, ал бас жобалаушысы – «Urban Structure» ЖШС.
Жобаға сәйкес мектеп ғимараты үш қабаттан тұрады және оқу процесі бір ауысымда ұйымдастырылады. Оқу кабинеттері бастауыш және жоғары сынып оқушыларына арналған.
Мектеп құрамында оқу сыныптары, медициналық блок, 322 орындық акт залы, 50 орындық оқу залы бар кітапхана және 20 орындық медиатека қарастырылған.
Сонымен қатар жоба халықтың жүріп-тұруы шектеулі тобының ғимаратқа кедергісіз қол жеткізуіне қажетті барлық жағдайды қамтиды. Атап айтқанда, пандустар, жүк көтергіштігі 1000 кг лифт және барлық қабаттарда арнайы санитариялық бөлмелер қарастырылған.
Жобаның жүзеге асырылуы Жезқазған қаласының білім беру инфрақұрылымын кеңейтіп, 1000 оқушының заманауи әрі қолайлы жағдайда білім алуына мүмкіндік береді.