Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қажымұқан ауылында 600 орындық мектеп салу жобасы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды

2026-11-05

Ақмола облысы Целиноград ауданының Қажымұқан ауылында 600 орындық мектеп салу жобасы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды.
Жобаның тапсырыс берушісі – «Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ, ал бас жобалаушысы – «ВЛ» ЖШС.
Жобаға сәйкес мектеп 600 оқушыға арналған, оқу процесі бір ауысымда ұйымдастырылады. Әр сыныптың жоба бойынша сыйымдылығы – 25 оқушы. Білім беру процесі бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерін қамтиды.
Жобада оқу кабинеттерін функционалдық аймақтарға бөлу, бастауыш сынып оқушыларына арналған жеке блок, кеңейтілген демалыс аймақтары, сондай-ақ оқушылардың білім алуы мен тынығуына қолайлы заманауи жағдай қарастырылған.
Жобаның іске асырылуы ауылдың білім беру инфрақұрылымын жаңғыртуға және Қажымұқан ауылының оқушыларына сапалы білім алуға қажетті заманауи әрі жайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.