Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
«Мемсараптама» РМК-де Мемлекет басшысының 2027 жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялау жөніндегі бастамасына арналған кеңес өтті.
Мемлекет басшысы алдағы жылдың негізгі басымдықтарының бірі ретінде инфрақұрылымды кеңінен дамыту және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған заманауи нысандар салуды атап өтті.
Аталған бастама аясында құрылыс жұмыстары еліміздің барлық дерлік өңірін қамтиды. Атап айтқанда, автомобиль жолдарын, әуежай мен теміржол вокзалдарын дамытуға, денсаулық сақтау нысандарын, оның ішінде оңалту орталықтарын салуға және жаңғыртуға, шығармашылық үйлер мен спорт кешендерін, кітапханалар мен қолжетімді әрі жайлы тұрғын үй салуға ерекше назар аударылатын болады.
Кеңес барысында қатысушылар Елбасы алға қойған міндеттердің құрылыс саласы үшін маңызын және инфрақұрылымдық жобалардың сапалы әрі тиімді іске асырылуын қамтамасыз етудегі мемлекеттік сараптаманың рөлін талқылады.
Алдағы ауқымды құрылыс жағдайында жобалау құжаттамасының сапасын арттыру, нормативтік-техникалық құжаттар талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, жобалауда заманауи шешімдерді қолдану, сондай-ақ салынып жатқан нысандардың қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету мәселелерінің өзектілігі атап өтілді.
Кеңес қорытындысы бойынша еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды жобаларға сапалы сараптама жүргізу қызметін қамтамасыз ету мақсатында, Кәсіпорын жұмысының алдағы кезеңге арналған басым бағыттары айқындалды.