Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2026 жылғы 30 қазанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының базасында «Траблшутинг - кәсіподақ қызметіндегі тиімді құрал ретінде» тақырыбында тренинг өтті. Іс-шараны «Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «Астана» қалалық филиалы» ұйымдастырды.
Оқыту бағдарламасына келесі аталған кәсіпорындардың жас көшбасшылары мен кәсіподақ ұйымдарының белсенді мүшелері қатысты:
•«Мемсараптама» РМК;
•«Астана су арнасы» ШЖҚ МКК;
•«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК;
•«Астана-Зеленстрой» ЖШС;
•«Астанагенплан» ҒЗЖИ» ЖШС.
Тренинг спикері философия докторы (PhD), адам ресурстарын басқару саласының сарапшысы Нәби Гүлзи Әскенқызы сөз сөйледі.
Оқыту барысында қатысушылар тиімді коммуникация орнату, күрделі міндеттерді жедел шешу және дағдарыстық жағдайларды басқарудың практикалық тәсілдерін меңгерді. Филиал төрағасы Тлеулес Мадьярова аталған дағдыларды дамытудың еңбеккерлердің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауда маңыздылығына тоқталды.
Тренинг қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды. Жас белсенділердің іс-шара барысында алған білімдері кәсіби міндеттеін тиімді ұйымдастыруға және еңбеккерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға ықпал етеді.