Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-да Қазақстан кәсіподақтары күні аталып өтті

2026-10-10

10 қазанда Қазақстанда Кәсіподақтар күні атап өтіледі. Бұл күн қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауда, әлеуметтік әріптестікті дамытуда және еңбек ұжымдарының мүдделерін қорғауда кәсіподақ қозғалысының маңыздылығын айқындайды.
Осы атаулы күнге орай «Мемсараптама» РМК қызметкерлеріне адал еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі және қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен салалық кәсіподақтың алғыс хаттары мен медальдары табысталды. Кәсіпорын басшылығы да қызметкерлерді құттықтап, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда кәсіподақ ұйымының маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
2026 жылғы 9 қазанда кәсіподақ ұйымдары арасында спорттық жарыстар өтті. Кәсіпорынның жергілікті кәсіподақ ұйымының мүшелерінен құралған «Мемсараптама» РМК командасы боулинг турниріне қатысып, қарсыластарынан айтарлықтай басым түсіп, бірінші орынды иеленді.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Баршаңызға зор денсаулық, амандық-саулық, жаңа жетістіктер мен табыстар, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жолындағы жұмыстарыңызға толағай табыс тілейміз!