Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Батыс өңірі бойынша «Мемсараптама» филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мәселелері талқыланды

2026-10-08

2026 жылғы 30 қыркүйекте Ақтау қаласында «Мемсараптама» РМК Батыс өңірі бойынша филиалында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру» тақырыбында дәріс-сұхбат өтті.
Іс-шараға филиал директоры Мықтыбаев Қ.Ж. және Маңғыстау облысы прокуратурасы басқармасының прокуроры Сахибай Қанат Өмірғалиұлы қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру және құқықтық мәдениетті арттыру мәселелері талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі екені атап өтілді.
Сонымен қатар адалдық мәдениетін қалыптастыру, заң талаптарын сақтау және қызметтік міндеттерді жауапкершілікпен орындаудың маңыздылығына назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың практикалық тетіктерін талқылап, ұжымда адалдық қағидаттарын одан әрі нығайту жөнінде өз пікірлерін білдірді.
Филиал ұжымы прокуратура өкіліне мазмұнды әрі танымды кездесу өткізгені үшін алғыс білдірді.