Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2026 жылғы 1 қазанда Астана қаласында жол жұмыстарының сапасын арттыру, автомобиль жолдарын пайдалану және күтіп-ұстау, сапаны бақылау, сондай-ақ саланы цифрландыру мәселелеріне арналған «Сапалы жолдар: жоспарлаудан пайдалануға дейін» атты республикалық семинар өтті.
Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың, жобалау және мердігерлік ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы, «Мемсараптама» РМК, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.
Семинар барысында «Мемсараптама» РМК атынан цифрландыру жөніндегі бас директордың орынбасары Саламат Серікқалиев баяндама жасады. Ол Кәсіпорын қызметін дамытудың және цифрландырудың негізгі бағыттарына тоқталды.
Баяндама барысында ірі инвестициялық жобалар үшін қуат бірлігінің инвестициялық құны көрсеткішін қолдану тетігі, «Мемсараптама» РМК-нің қызметіндегі жаңа бағыт – консультациялық қызметтер, сондай-ақ Құрылыстың бірыңғай порталының мүмкіндіктері мен «бір терезе» қағидаты таныстырылды.
Сонымен қатар, Саламат Серікқалиев Мемлекеттік жобалар банкінің жұмыс істеу тәртібіндегі соңғы өзгерістер туралы айтып берді. Сондай-ақ құрылыс саласын BIM-технологияларды міндетті түрде қолдануға кезең-кезеңімен көшіру және жобаларға сараптама жүргізу үдерістеріне жасанды интеллект құралдарын енгізу мәселелеріне тоқталды.
Семинарға қатысушылар жол жобаларын іске асырудың практикалық мәселелерін, сондай-ақ жол жұмыстарының сапасын одан әрі арттырудың өзекті бағыттарын талқылады.