Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер талқыланды

2026-09-04
«Мемсараптама» РМК филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер талқыланды

2026 жылғы 3 қыркүйекте «Мемсараптама» РМК Солтүстік өңір бойынша филиалында «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасындағы жаңашылдықтар» тақырыбында кеңес өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Кусаинов Аманжол Амангелдіұлы қатысты.
Кездесу барысында заңнамадағы негізгі өзгерістер, мүдделер қақтығысын болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау және комплаенс-қызметтердің рөлін күшейту мәселелері талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша қызметкерлерді заңнамадағы өзгерістермен таныстыру және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде тиісті шаралар айқындалды.