Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК Қазақстандағы құрылыс сараптамасы институтының 10 жылдағы эволюциясын таныстырды

2026-09-21

2026 жылғы 18 қыркүйекте Мәскеу қаласында «Құрылыс сараптамасы институтын дамыту» тақырыбында X халықаралық конференция өтті. Маңызды халықаралық іс-шараға өңір елдерінің мемлекеттік сараптама ұйымдарының өкілдері қатысты.
Конференцияға Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның мемлекеттік сараптама ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ Ресейдің Құрылыс министрлігінің өкілдері қатысты.
Қазақстан атынан конференцияға Бас директор Тимур Қарағойшин бастаған «Мемсараптама» РМК-нің делегациясы қатысты.
Кәсіпорын конференция барысында Қазақстандағы құрылыс сараптамасы институтының соңғы 10 жылдағы эволюциясын таныстырып, қызметтің негізгі бағыттарындағы өзгерістерге тоқталды. Атап айтқанда, қала құрылысы сараптамасынан бастап Мемлекеттік деректер банкін жүргізуге дейінгі бағыттар қамтылды.
Сонымен қатар Құрылыс кодексінің негізгі жаңашылдықтарына, сондай-ақ «Мемсараптаманың» жаңа қызмет бағыты — консультациялық қызметтерді дамытуға ерекше назар аударылды. Конференция аясында ресейлік әріптестермен консультациялық қызметтер көрсету тәжірибесімен алмасуға арналған жеке сессия өтті.
Кәсіпорын мамандары сондай-ақ саланы цифрландыру бағыттары туралы айтып, Бірыңғай құрылыс порталының дамуы, ТИМСО-ны енгізу, лицензиаттар тізілімін қалыптастыру, сондай-ақ сараптама қызметінде жасанды интеллект құралдарын қолдану тәжірибесін таныстырды.
«Мемсараптаманың» конференцияға қатысуы Қазақстандағы құрылыс сараптамасы жүйесінің он жылдық даму нәтижелерін халықаралық кәсіби қауымдастыққа таныстыруға, тәжірибе алмасуға және одан әрі ынтымақтастық бағыттарын талқылауға мүмкіндік берді.