Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2026 жылғы 26–27 тамызда «Мемсараптама» РМК қауіпсіздік қызметінің жұмыскерлеріне арналған күзет қызметінің құқықтық мәселелері жайында «Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін күзету бойынша қызметтер көрсететін жұмыскерлердің біліктілігін арттыру» тақырыбында семинар өтті.
Екі күндік семинар барысында қатысушылар күзет қызметін жүзеге асыруға қатысты қажетті кәсіби білімдері мен құзыреттерінің деңгейін арттырды. Семинарда құқықтық, қызметтік, атыс, терроризмге қарсы және медициналық даярлық бойынша оқытушы Марат Қабиденұлы Рамазанов спикер ретінде сөз сөйледі.
Оқу қорытындысы бойынша барлық қатысушылар курсты сәтті аяқтап, біліктілікті арттырудан өткенін растайтын тиісті сертификаттарға ие болды.
Осындай оқыту іс-шараларын өткізу жұмыскерлердің кәсіби даярлығының жоғары деңгейін сақтауға, сондай-ақ «Мемсараптама» РМК жұмыскерлері мен мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету сапасын арттыруға ықпал етеді.