Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2026 жылғы 27–28 тамызда «Мемсараптама» РМК қызметкерлері «Жаңа халықаралық стандарттар (ҚЕХС), салық салу (КТС және ҚҚС). Даму жоспары бойынша есеп, нақтылау және бесжылдық жоспар» тақырыбында өткен оқыту семинарына қатысты.
Екі күндік семинар барысында қатысушылар қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын қолдану, салық салу, қаржылық және шаруашылық жоспарлау мәселелерін қарастырды.
Есептілікті, оның ішінде аудиттен өткен есепті қалыптастыруға, ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметінің негізгі индикаторларын әзірлеу және ұсынуға, мақсаттар мен нәтижелілік көрсеткіштерін айқындауға, сондай-ақ жаңартылған халықаралық стандарттарды ескере отырып болжамды көрсеткіштерді қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар қатысушылар Даму жоспарын қалыптастырудың ерекшеліктерін, оны нақтылау және түзету тәртібін, нормативтік құжаттардың жекелеген ережелеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ қаржылық және шаруашылық қызмет есептерінің дұрыстығын тексеру мәселелерін талқылады.
Семинар бағдарламасы шеңберінде корпоративтік табыс салығы (КТС) және қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша салық салу, депозиттер мен овернайт операциялары, сондай-ақ әкімшілік және тәртіптік жауапкершілік мәселелері қарастырылды.
Оқыту барысында жобалық басқару процесінде қолданылатын салалық, салықтық, бюджеттік, азаматтық-құқықтық және өзге де нормативтік талаптардың өзара үйлесімділігін қамтамасыз ету мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға оқытуды сәтті аяқтағанын растайтын сертификаттар табысталды.