Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
Қызылорда қаласында 200 төсектік перинаталдық орталық салу жобасына сараптаманың оң қорытындысы берілді. Медициналық кешенді «Қорқыт Ата» әуежайының тас жолының бойына орналастыру жоспарлануда.
Жобаның тапсырыс берушісі — «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ, бас жобалаушы – «Қазақ энергетика және байланыс ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС.
Жаңа орталық акушерлік, гинекология және неонатология, соның ішінде жаңа туған нәрестелерді хирургиялық емдеу саласында медициналық көмек көрсетеді. Сондай-ақ әйелдер мен балаларға амбулаториялық, консультациялық-диагностикалық және медициналық-оңалту бойынша көмек көрсету көзделген.
Төсек қоры 200 орынды құрайды. Орталықтың құрылымында ана мен баланың бірге болу бөлімшелері, жүктілер патологиясы, жоғары тәуелді және мамандандырылған күтімге мұқтаж жаңа туған нәрестелер, сондай-ақ неонаталдық хирургия бөлімшелері қарастырылған.
Жобада күндізгі стационардың 20 төсектік клиникалық-диагностикалық бөлімшесі және 3 төсектік нәрестені қорғау орталығы қарастырылған.
Кешен 10 функционалды блогы бар негізгі үш қабатты ғимарат, сондай-ақ жеке тұрған бактериологиялық зертхана мен ас блогынан тұрады. Сондай-ақ аумақта 50 орындық жатақхана, гараж және инженерлік-техникалық құрылыстар қарастырылған.
Орталық құрылысы Қызылорда облысында ана мен баланы қорғау жүйесін дамытудағы маңызды міндеттердің бірі болып табылады.