Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Міндетті BIM: жобаны сараптамаға тапсыру кезінде нені білу маңызды

2026-08-20
Міндетті BIM: жобаны сараптамаға тапсыру кезінде нені білу маңызды

2026 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстанда төмендегі құрылыс объектілері үшін ақпараттық модельдеу технологиясын (BIM) міндетті түрде қолдану талабы белгіленді:
1. сыйымдылығы 600 және одан да көп оқушыға арналған жалпы білім беретін мектептер (гимназия, лицей);
2. әуежайлар мен әуежайлардың жолаушылар терминалдары және авиациялық инфрақұрылымның өзге де объектілері;
3. теміржол және автомобиль жолдарының тоннельдері, метрополитендер;
4. барлық санатқа кіретін жолдардағы ұзындығы 100 метр және одан асатын көпір құрылыстары;
5. бірегей құрылыс объектілері.

Жобаны сараптамаға дайындау кезінде аталған талаптардың нақты жобаға қолданылатынын алдын ала анықтау маңызды. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 19 наурыздағы №114 бұйрығын басшылыққа алу қажет.

Жобаланатын объектінің түрін және жобалау жөніндегі шарттың жасалған күнін бұйрыққа қосымшада көрсетілген талаптармен салыстыру маңызды. Бұйрықтың талаптары жобалардың барлық түріне, оның ішінде жаңадан салынатын объектілердің жобаларына және қолданыстағы объектілерге өзгерістер енгізу жобаларына да қолданылады.

Егер құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу технологиясы талаптары жобаға қолданылатын болса, құжаттаманы сараптамаға ұсыну кезінде IFC форматындағы құрылыс объектісінің электрондық моделін (ҚО ЭМ), сондай-ақ тапсырыс берушінің ақпараттық талаптарын (ТАТ) ұсыну қажет.
Жобаны сараптамаға ұсынбас бұрын мына мәселелерді тексеру маңызды:
- IFC файлының жұмысқа жарамдылығы (файлдың ашылуын және модельдің қателерсіз дұрыс көрсетілуі);

- модельдің тапсырыс берушінің талаптарына сәйкестігі, оның ішінде модельдегі бөлімдердің құрамы, толтырылуы және мазмұны;

- модельдегі жобалық шешімдердің жобалық құжаттамадағы шешімдерге сәйкестігі;

- коллизиялардың болмауы, жобаны сараптамаға ұсынғанға дейін коллизиялық тексеру жүргізу қажет.