Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2026 жылғы 19 тамызда «Мемсараптама» РМК «Ресейдің Бас мемлекеттік сараптамасы» ФАУ ұйымдастырған «Сараптама жүргізу барысында жобалық құжаттама мен инженерлік ізденістер нәтижелеріне қатысты типтік ескертулер базасын қалыптастыру және пайдалану» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстелге қатысты.
Іс-шараға Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Түрікменстанның мемлекеттік құрылыс сараптамасы ұйымдарының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында типтік ескертулер базасын қалыптастыру және пайдалану, сараптама қызметін цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын қолдану, сондай-ақ ТМД елдері арасында тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар сараптама қызметінде қолданылатын ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктері таныстырылып, оларды практикалық пайдалану бойынша пікір алмасу өтті.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар мемлекеттік құрылыс сараптамасын жетілдіру, цифрлық шешімдерді енгізу және кәсіби тәжірибе алмасу бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.