Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-да кадрлық іс жүргізу бойынша онлайн-семинар өтті

2026-08-19
«Мемсараптама» РМК-да кадрлық іс жүргізу бойынша онлайн-семинар өтті

2026 жылғы 17–18 тамызда «Мемсараптама» РМК кадр қызметінің қызметкерлері үшін «Қазақстан Республикасында кадрлық іс жүргізу» тақырыбында онлайн-семинар өтті.
Оқыту барысында қатысушылар кадрлық әкімшілендіру және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша өзекті ақпаратпен танысты.
Семинар спикері — Назгүл Каировна Купенова, ҚР еңбек заңнамасы бойынша тренер-оқытушы, еңбек даулары және кадрлық әкімшілендіру жөніндегі консультант.
Оқу қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.
Семинар кадр қызметі мамандарының кәсіби білімін жетілдіруге және еңбек заңнамасы мен кадрлық іс жүргізу саласындағы құзыреттерін арттыруға мүмкіндік берді.