Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Шығыс өңірі бойынша филиал Q-Portal бойынша вебинар өткізді

2026-08-14
Шығыс өңірі бойынша филиал Q-Portal бойынша вебинар өткізді
Шығыс өңірі бойынша филиал Q-Portal бойынша вебинар өткізді
Шығыс өңірі бойынша филиал Q-Portal бойынша вебинар өткізді

2026 жылғы 13 тамызда «Мемсараптама» РМК-нің Шығыс өңірі бойынша филиалы «Q-Portal бірыңғай порталының функционалын таныстыру» тақырыбында вебинар өткізді.
Іс-шараға мемлекеттік ұйымдардың тапсырыс берушілері мен жобалау ұйымдарының өкілдері қатысты.
Вебинарды Шығыс өңірі бойынша филиал директорының орынбасары Шаймерден Мақсат Біржанұлы жүргізді.
Іс-шара барысында Құрылыс кодексі аясындағы нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер қарастырылып, жобалық құжаттаманы Q-Portal арқылы мемлекеттік сараптамаға ұсыну тәртібі көрсетілді.
Сонымен қатар қатысушыларға жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы жобалық құжаттаманың толықтығын алдын ала тексеру мүмкіндіктері таныстырылып, жобалау саласындағы консультациялық қызметтер туралы ақпарат берілді.
Жобаны сараптамаға ұсынудың практикалық демонстрациясын «СК АБС Проект» ЖШС өкілі Қайырбаев Аблайхан Қайырлуұлы жүргізді.
Вебинар тапсырыс берушілер мен жобалау ұйымдарымен тікелей өзара байланыс орнатуға, өзекті өзгерістерді түсіндіруге және мемлекеттік сараптама саласындағы заманауи цифрлық құралдарды таныстыруға мүмкіндік берген тиімді алаң болды.