Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Құрылыс жобалары мемлекеттік инвестициялар есебінен енді Qportal арқылы жүргізіледі

2026-08-13
Құрылыс жобалары мемлекеттік инвестициялар есебінен енді Qportal арқылы жүргізіледі

Құрылыс саласын цифрлық трансформациялау аясында жоспарлау, жобалау, сараптама жүргізу және құрылыс процестерін «бір терезе» қағидаты бойынша біріктіретін Бірыңғай құрылыс порталы — Qportal.kz құрылды.
Құрылыс кодексінің нормаларына сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын жобалар бойынша барлық жұмыстар инженерлік іздеулер жүргізу кезеңінен бастап Порталда жүргізілуі тиіс.
Порталда инженерлік іздеулер жүргізу және жобаны әзірлеу шеңберінде:
· шартқа қол қою;
· жоба бойынша жұмыс тобын құру;
· техникалық тапсырманы, жұмыс кестесін әзірлеу және келісу;
· жұмыс нәтижелерін (есептерді, ЖСҚ) келісу;
· орындалған жұмыстар актілерін ресімдеу жүзеге асырылады.
Жоғарыда аталған барлық операциялар Порталда цифрлық форматта электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) куәландырыла отырып орындалады.
Іздеулер жүргізу және жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу аяқталғаннан кейін жоба Портал арқылы сараптамаға ұсынылады.
Іздеулер жүргізуден бастап сараптаманың қорытындысын алуға дейінгі жобалаудың барлық кезеңі Бірыңғай порталда «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылады.