Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Құрылысшылар күні және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сараптамасы күні құтты болсын!

2026-08-08
Құрылысшылар күні және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сараптамасы күні құтты болсын!

Бүгін біз екі маңызды кәсіби мерекені – Құрылысшы күні мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ведомстводан тыс жобалар сараптамасы күнін атап өтеміз.

«Мемсараптама» РМК атынан құрылыс саласының барлық қызметкерлерін, сарапшыларды, жобалаушыларды, инженерлерді, сәулетшілерді, сала ардагерлерін шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздердің кәсібиліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен өз ісіңізге деген адалдықтарыңыз сапалы, қауіпсіз әрі орнықты құрылыстың берік негізі болып табылады. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында елімізде маңызды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асып, қалалар көркейіп, қазақстандықтардың өмір сүру сапасы артып келеді.

Әрбір жаңа жоба сәтті жүзеге асып, қабылданған әрбір шешім ел игілігіне қызмет ете берсін! Еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, жаңа жетістіктер мен толағай табыстарға жол ашсын.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз!

Мерекелеріңіз құтты болсын! Құрылысшылар күні және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сараптамасы күні құтты болсын!