Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Мемсараптама» РМК қызметкерлерін Құрылысшылар күніне орай марапаттады

2026-08-07

Кәсіби мереке – Құрылысшылар күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылыс саласының дамуына және жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізу жүйесін жетілдіруге елеулі үлес қосқан «Мемсараптама» РМК қызметкерлерін марапаттады.
Жоғары кәсіби шеберлігі, көпжылдық адал еңбегі және құрылыс саласының дамуына қосқан үлесі үшін кәсіпорынның келесі қызметкерлері марапаттарға ие болды.
«Еңбек ардагері» медалімен марапатталғандар:
• Шарапова Галина Николаевна – құрылыс жобалары сараптамасы басқармасының өндірістік бөлімінің көлік инфрақұрылымы секторының сарапшысы;
• Мороз Галина Анатольевна – «Мемсараптама» РМК Батыс өңірі филиалының өндірістік бөлімінің сарапшысы;
• Карманова Надежда Леонидовна – «Мемсараптама» РМК Шығыс өңірі филиалының өндірістік бөлімінің сарапшысы.
«Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен марапатталғандар:
• Байгузиев Малик Серикбаевич – құрылыс жобалары сараптамасы басқармасының өндірістік бөлімінің конструкторлық секторының сарапшысы;
• Никифорова Людмила Григорьевна – құрылыс жобалары сараптамасы басқармасының өндірістік бөлімінің инженерлік желілер мен жүйелер секторының сарапшысы;
• Наурызбекова Айкен Абдрахимовна – «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының өндірістік бөлімінің сарапшысы;
• Маубасова Бакыт Жанахметовна – «Мемсараптама» РМК Солтүстік өңір филиалының өндірістік бөлімінің сарапшысы;
• Ерназарова Салтанат Алмахановна – «Мемсараптама» РМК Оңтүстік өңір филиалының өндірістік бөлімінің сарапшысы.
«Құрметті сәулетші» төсбелгісімен марапатталғандар:
• Ким Анна – құрылыс жобалары сараптамасы басқармасының өндірістік бөлімінің бас жоспары және сәулет секторының сарапшысы;
• Кушуров Сунгат Уалиханович – «Мемсараптама» РМК Шығыс өңірі филиалының өндірістік бөлімінің бастығы.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Оларға зор денсаулық, отбасы амандығын, кәсіби табыстар және Қазақстан Республикасының құрылыс саласын дамыту жолындағы еңбектеріне толағай жетістіктер тілейміз.