Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
«Мемсараптама» РМК «Жезқазған қаласында мұз аренасы мен бассейні бар Спорт сарайын салу» жобасы бойынша оң қорытынды берді.
Жобаның тапсырыс берушісі – Ұлытау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ, бас жобалаушы – «Проектно-строительная компания «ППК» ЖШС.
Жоба аясында жертөле қабаты бар екі қабатты заманауи спорт кешенін салу көзделген. Кешен құрамына 1 000 көрерменге арналған трибуналары бар мұз аренасы, өлшемі 50×25 метр болатын олимпиадалық стандарттағы жүзу бассейні, сондай-ақ жаттығу залы мен сауықтыру аймақтарын қамтитын SPA-блок кіреді.
Нысан хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, жүзу және су полосы спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыруға, сондай-ақ түрлі деңгейдегі спорттық жарыстарды өткізуге арналған.
Сонымен қатар жобада әкімшілік, медициналық, техникалық және қосалқы үй-жайлар қарастырылған.
Аталған жоба өңірдің спорт инфрақұрылымын дамытуға, бұқаралық және кәсіби спортты қолдауға, сондай-ақ тұрғындар үшін заманауи спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыруға бағытталған.