Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2026 жылдың I жартыжылдығы бойынша «Мемсараптама» РМК қызметінің қорытындылары

2026-07-21
2026 жылдың I жартыжылдығы бойынша «Мемсараптама» РМК қызметінің қорытындылары

«Мемсараптама» РМК-да 2026 жылдың I жартыжылдығы бойынша жұмыс қорытындылары шығарылды.
2026 жылдың I жартыжылдығында кешенді қала құрылысы сараптамасы шеңберінде әртүрлі деңгейдегі 60 бірлік қала құрылысы құжаттамасы қаралды.
2 қала құрылысы жобасы бойынша теріс қорытынды берілді, 58 қала құрылысы жобасы бекітуге ұсынылды, оның ішінде:
• өңірлік маңызы бар 2 қала құрылысы жобасы;
• елді мекендердің 39 бас жоспары;
• 19 егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы.
Кешенді ведомстводан тыс сараптама шеңберінде жалпы мәлімделген құрылыс құны 12 601,7 млрд теңгені құрайтын 1 411 бірлік құжаттама қаралды.
310 құжаттама бойынша құрылыс жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптаманың теріс қорытындылары берілді.
Жалпы сметалық құны 11 006,6 млрд теңгені құрайтын 1 101 жобалық-сметалық құжаттама бекітуге ұсынылды.
Сараптама нәтижесінде құрылыс құны 1 628,48 млрд теңгеге үнемделді, оның ішінде мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша 616,867 млрд теңге үнемделді.