Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК халықаралық дөңгелек үстелге қатысты

2026-07-10
«Мемсараптама» РМК халықаралық дөңгелек үстелге қатысты
«Мемсараптама» РМК халықаралық дөңгелек үстелге қатысты

2026 жылғы 10 шілдеде «Мемсараптама» РМК типтік жобалау құжаттамасы мәселелеріне арналған халықаралық дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шара IX «Құрылыс сараптамасы институтын дамыту» халықаралық конференциясы аясында ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелге Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанның құрылыс сараптамасы саласындағы ұйымдарының өкілдері қатысып, типтік жобалауды дамыту, жобаларды қайта қолдану және жобалық шешімдердің оңтайлылығын бағалау мәселелерін талқылады.
Іс-шара барысында «Мемсараптама» РМК Әдіснама департаментінің директоры Эльвира Бакатова «Қазақстан Республикасындағы типтік жобалау және жобаларды қайта қолдану» тақырыбында баяндама жасап, еліміздегі осы бағыттағы тәжірибе мен оны одан әрі дамыту перспективаларын таныстырды.
Халықаралық кездесу ТМД елдерінің сараптама ұйымдары арасындағы тәжірибе алмасуды нығайтып, құрылыс саласындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға ықпал етті.