Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2026 жылғы 16 шілдеде «Мемсараптама» РМК-да «Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында дәріс ұйымдастырылды.
Іс-шараның спикері ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Балғабеков Бауыржан Нұрлыбекұлы сөз сөйледі.
Дәріс барысында Конституцияға енгізілген өзгерістердің негізгі бағыттары, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының негізгі нормалары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Кездесу барысында ашықтық, адалдық, заңдылық қағидаттарын сақтау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытындағы өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды.
Осындай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, адалдық қағидаттарын нығайтуға және «Мемсараптама» РМК ұжымында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.