Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда жобалау саласындағы консультациялық қызметтер енгізілді

2026-07-14
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда жобалау саласындағы консультациялық қызметтер енгізілді

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі күшіне енді. Кодекстің 114-бабына сәйкес мемлекеттік және сараптама ұйымдары тарапынан жобалау саласында консультациялық қызметтер көрсету көзделген.
Аталған норманы іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы №264 бұйрығымен Жобалау саласындағы консультациялық қызметтер көрсету қағидалары бекітілді. Құжатта консультация беру тәртібі мен аталған қызметтердің құны айқындалған.
Консультациялар тапсырыс берушінің немесе жобалау ұйымының бастамасы бойынша жобалау барысында түсіндірулер алу қажеттілігі туындаған жағдайда көрсетіледі.
Жаңа тетік тапсырыс берушілер мен жобалау ұйымдарына жобалық шешімдерді әзірлеудің бастапқы кезеңдерінде-ақ құрылыс саласындағы заңнама талаптары мен нормаларын қолдану мәселелері бойынша білікті консультациялар алуға мүмкіндік береді.