Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-да конструктивтік шешімдерге сараптама жүргізу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

2026-06-30

2026 жылғы 25 маусымда Алматы қаласындағы «Мемсараптама» РМК филиалында жобалардың конструктивтік бөлімі бойынша сарапшылардың дөңгелек үстелі өтті. Іс-шара мемлекеттік сараптаманы жүргізудің өзекті мәселелерін талқылау және конструктивтік шешімдерді сараптамалық бағалаудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел жұмысына «Мемсараптама» РМК сарапшыларымен қатар, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ, Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының, Қазақ геотехникалық іздестіру институтының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында сейсмотөзімді ғимараттарды жобалау және оларға сараптамалық бағалау жүргізу, заманауи сейсмооқшаулау жүйелерін қолдану, инженерлік-геологиялық іздестірулер, құрылыс алаңдарының сейсмикалық қауіптілігін бағалау, сондай-ақ жобаларды мемлекеттік сараптамадан өткізу кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құжаттары мен Еурокодтарды қолдану тәжірибесі талқыланды.

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар кәсіби тәжірибе алмасты, сараптамалық тәжірибедегі өзекті мәселелерді айқындап, құрылыс жобаларына мемлекеттік сараптама жүргізу сапасын одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірледі.