Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Оңтүстік өңірі бойынша филиалда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер өтті

2026-06-26
Оңтүстік өңірі бойынша филиалда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер өтті
Оңтүстік өңірі бойынша филиалда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер өтті
Оңтүстік өңірі бойынша филиалда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер өтті

«Мемсараптама» РМК Оңтүстік өңірі бойынша филиалы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қалалық департаментімен бірлесіп 2026 жылдың 11 маусымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу ұйымдастырды. Іс-шараға қатысқан ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алын алу басқармасының бас маманы М. Мамуджанова және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қалалық департаментінің офицері Н. Керимбаев Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша баяндама жасады.

«Мемсараптама» РМК Оңтүстік өңірі бойынша филиалының Жамбыл облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Е.Жылысбаев тың қатысуымен «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік атмосферасын құру арқылы бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту және Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету туралы айтылды.

«Мемсараптама» РМК Оңтүстік өңірі бойынша филиалының Қызылорда облысы бойынша департаментінде - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас мамандары А.Болат, Ж.Қозбағарованың қатысуымен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңын түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының бекітілген тұжырымдамасымен таныстырып, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық пен жазаның өте қатал екендігі түсіндірілді.