Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2026 жылғы 18 маусымда «Мемсараптама» РМК-да бейнеконференция байланысы форматында «Сейсмикалық белсенді аудандардағы құрылыс жобаларын жобалау және сараптау мәселелері» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Беларусь елдерінің өкілдері қатысты. Қатысушыларға «Мемсараптама» РМК цифрландыру жөніндегі бас директордың орынбасары Саламат Серікқалиев пен Ресейдің Бас мемлекеттік сараптамасы федералдық автономды мекемесінің құрылыс шешімдері басқармасының басшысы Евгений Леонтьев сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел аясында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ, «Мемсараптама» РМК және оның өңірлік филиалдарының мамандары, сондай-ақ Ресей мен Қырғызстанның сараптамалық ұйымдарының және Тәжікстан Ұлттық ғылым академиясының Геология, сейсмикалық төзімді құрылыс және сейсмология институтының өкілдері сейсмикалық белсенді аудандардағы құрылыс нысандарын жобалау және сараптау мәселелерін талқылады.
Қатысушылар заманауи сейсмооқшаулау жүйелерін қолдану, жобаларды ғылыми-техникалық сүйемелдеу және арнайы техникалық шарттарды пайдалану, іргетастардың геотехникалық есептеу әдістері мен топырақты нығайтудың заманауи технологиялары, сондай-ақ аумақтардың есептік сейсмикалылығын анықтау және сейсмикалық қорғаныс жүйелері қолданылатын нысандардың жобалық құжаттамасына сараптама жүргізу тәжірибесі мәселелерін қарастырды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар сейсмикалық қауіпті өңірлерде құрылыс нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жобалау және сараптама жүргізу тәсілдерін жетілдіру мақсатында халықаралық ынтымақтастық пен кәсіби тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.