Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қазақстанда сметалық құжаттаманың электрондық форматына қойылатын талаптар жаңартылды

2026-06-10
Қазақстанда сметалық құжаттаманың электрондық форматына қойылатын талаптар жаңартылды

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті «ҚР ЕЖ 1.02-123-2025 «Құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалық-сметалық құжаттаманың электрондық цифрлық түрі» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Түзетулер құрылыс саласын одан әрі цифрландыруға және инвестициялық-құрылыс процесіне қатысушылар арасындағы деректер алмасуды жетілдіруге бағытталған.
Құжат KENML 2.01 әмбебап стандартын қолдану аясын кеңейтеді және сметалық құжаттама құрамындағы материалдарды машинамен оқылатын форматта ұсынуға қосымша талаптарды белгілейді.
Сондай-ақ сметалық құжаттама жиынтығын электрондық пакеттің тұтастығын қамтамасыз ететін бірыңғай құрылымдалған ZIP-мұрағат түрінде ұсыну мүмкіндігі қарастырылған.
Бұйрықтың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/documents/details/1023030?lang=kk.