Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2026 жылғы 4–5 маусым аралығында кадр қызметінің қызметкерлері үшін «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы: 2025–2026 жылдардағы өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Семинар спикері ретінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бойынша сарапшы-практик, HR және еңбек қатынастары жөніндегі бизнес-тренер, еңбек даулары мен кадрлық әкімшілендіру мәселелері бойынша консультант Айбасова Бибігүл Төлегенқызы қатысты.
Оқу қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға курсты сәтті аяқтағанын растайтын сертификаттар табысталды.
Осындай білім беру іс-шараларын өткізу қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға және кадрлық қызметте еңбек заңнамасының өзекті нормаларын тиімді қолдануға ықпал етеді.