Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Мемсараптама қызметкерлері buildingSMART Kazakhstan стратегиялық сессиясына қатысты

2026-06-05

2026 жылғы 5 маусымда Алматы қаласында құрылыс саласын цифрландыруды, openBIM дамытуды және құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу технологияларын енгізуді ілгерілететін ұлттық алаң ретінде «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ базасында жұмыс істейтін buildingSMART Kazakhstan стратегиялық сессиясы өтті.
Іс-шара кәсіби қоғамдастық мүшелерін, buildingSMART Kazakhstan ұйымына мүше ұйымдардың өкілдерін, құрылыс саласының сарапшыларын, білім беру ұйымдары мен технологиялық компанияларды біріктірді.
Стратегиялық сессия барысында buildingSMART Kazakhstan ұйымын дамытудың негізгі бағыттары, кәсіби қауымдастықты кеңейту мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасында құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу технологияларын (ТИМСО) міндетті түрде қолдану мәселелері талқыланды.
buildingSMART Kazakhstan қауымдастығының жаңа мүшелерін қабылдауға, сондай-ақ қауымдастықтың дамуына елеулі үлес қосқан қатысушылар мен ұйымдардың жетістіктерін атап өтуге ерекше назар аударылды.