Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Бір терезе» қағидаты бойынша жобаларды әзірлеуді және оларға сараптама жүргізуді ұйымдастыруға арналған порталды жүргізу қағидалары ресми түрде жарияланды

2026-06-05
«Бір терезе» қағидаты бойынша жобаларды әзірлеуді және оларға сараптама жүргізуді ұйымдастыруға арналған порталды жүргізу қағидалары ресми түрде жарияланды

2026 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №253 «Бір терезе» қағидаты бойынша жобаларды әзірлеуді және оларға сараптама жүргізуді ұйымдастыруға арналған порталды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы ресми түрде жарияланды.
Құжат Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне сәйкес әзірленген және цифрлық процестерді одан әрі жетілдіруге, сондай-ақ құрылыс процесіне қатысушылардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге бағытталған.
Жаңа Қағидалар Порталдың жұмыс істеу тәртібін айқындайды. Аталған Портал «бір терезе» қағидаты бойынша қала құрылысы жобалары мен құрылыс жобаларын әзірлеуді ұйымдастыруға, келісуге және сараптамадан өткізуге арналған бірыңғай цифрлық алаң болады.
Қағидаларға сәйкес Порталдың операторы ретінде мемлекеттік сараптама ұйымы айқындалған. Порталдың негізгі функцияларының қатарында жобаларды әзірлеу процестерін ұйымдастыру, жобалауға арналған бастапқы материалдарды алу, жобалық құжаттаманы келісу, кешенді қала құрылысы және ведомстводан тыс сараптаманы цифрлық форматта жүргізу көзделген.
Порталды мемлекеттік және салалық ақпараттық жүйелермен интеграциялауға ерекше назар аударылған. Портал арқылы пайдаланушыларға құрылыс циклының әртүрлі кезеңдерінде қолданылатын мемлекеттік цифрлық жүйелерге орталықтандырылған қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
Жаңа Қағидалардың қабылдануы құрылыс саласының цифрлық экожүйесін дамытудағы маңызды қадам болып табылады және жобалау сапасын арттыруға, сондай-ақ сараптама жүргізу тетіктерін жетілдіруге бағытталған.
Бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Құжаттың мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://zan.gov.kz/client/#!/doc/225561/kaz.