Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Шымкентте «Білім-инновация» лицей-интернаты үшін оқу корпусы мен жатақхана құрылысына оң қорытынды берілді

2026-05-08

«Мемсараптама» РМК Шымкент қаласындағы қыздарға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 400 орындық оқу корпусы мен №2 жатақханасын салу жобасына оң қорытынды берді.
Жобаға сәйкес заманауи үш қабатты оқу корпусы салынады. Бірінші қабатта спорт залы, фойе және спортшыларға арналған киім ауыстыру бөлмелері орналасады. Екінші қабатта тренажер залы, құрал-жабдық сақтау бөлмесі, жаттықтырушылар мен нұсқаушылар бөлмелері, душ және санитарлық тораптар қарастырылған.
Дене шынықтыру-спорт аймағында футбол алаңы, 100 метрлік жүгіру жолы, баскетбол мен волейболға арналған аралас алаң, бастапқы әскери дайындық алаңы (саптық плац), воркаут-аймақ және ұзындыққа секіру секторы салу жоспарланған.
Оқу-тәжірибелік аймақта егістік және көкөніс дақылдарына арналған учаскелер, жеміс бағы мен көшет питомнигі, гүлді-декоративтік өсімдіктер және селекциялық жұмыстар жүргізу аймақтары қарастырылған. Сонымен қатар жылыжай мен көшетхана алаңдары, географиялық алаң және биология сабақтарына арналған аймақтар жобаланған.
Жобаның тапсырыс берушісі — «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» ММ, бас жобалаушы — «Redline Pro» ЖШС.