Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
«Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының директоры, өз өмірін Қазақстан Республикасының құрылыс саласын және мемлекеттік сараптама жүйесін дамытуға арнаған көрнекті маман және басшы Саябек Омарұлы Лекеровтің мезгілсіз қайтыс болғаны туралы қайғыра отырып хабарлаймыз.
Саябек Омарұлы Лекеров 1966 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1991 жылы Ф.Э. Дзержинский атындағы Мәскеу теміржол көлігі инженерлері институтын «Темір жол құрылысы» мамандығы бойынша тәмамдаған, кейіннен Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алған.
Еңбек жолын 1991 жылы бастап, шебер-бригадирден республикалық деңгейдегі басшыға дейін үлкен кәсіби жолдан өтті.
Ақтөбе облысының құрылыс саласында және мемлекеттік органдарында түрлі жауапты лауазымдарда қызмет атқарып, бейінді ұйымдар мен кәсіпорындарды басқарды.
2012 жылдан 2015 жылға дейін «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалын, 2015 жылдан бастап «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалын басқарды.
Өзінің қызмет еткен жылдары Саябек Омарұлы өзін жоғары білікті маман, тиімді басқарушы және көреген басшы ретінде танытты. Оның басшылығымен жобалау-құрылыс кешеніне қатысушылардың өзара іс-қимыл тетіктері дамыды, басқарудың заманауи әдістері енгізілді және сараптама қызметінің жүйесі жетілдірілді.
Ол әріптестері мен кәсіби қоғамдастық арасында лайықты беделге ие, ұстанымшылдығы, жауапкершілігі және адамдарға деген мұқият қарым-қатынасымен ерекшеленді. Еңбек жолында кадрлық әлеуетті дамытуға, жас мамандарды қолдауға және кәсіби команданы қалыптастыруға ерекше назар аударатын еді.
Саябек Омарұлы Лекеров Қазақстанның құрылыс саласын дамытуға елеулі үлес қосты. Көп жылғы адал еңбегі үшін ол мемлекеттік және салалық наградалармен, оның ішінде «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрметті құрылысшы» және «Даңқты құрылысшы» төсбелгілерімен, Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдерімен марапатталды, сондай-ақ әкімдік пен министрлік тарапынан көптеген құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған.
Саябек Омарұлы Лекеров — үлкен жауапкершілік пен ар-ождан тұлғасы ретінде әрқашан әріптестерінің, достарының және оны білген және бірге жұмыс істеген жандардың жүрегінде мәңгілік сақталады.
«Мемсараптама» РМК ұжымы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.